Мектеп кітапханасы » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханасы
«Оқу құштар мектеп – табысты мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы
12
қаңтар
2026
«Оқу құштар мектеп – табысты мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы
2026 жылдың 12 қаңтарында «Оқу құштар мектеп – табысты мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру және ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығы талқыланды.
“ Үздік оқырман ” бенефисі
18
желтоқсан
2025
“ Үздік оқырман ” бенефисі
Мектеп кітапханасында “ Үздік оқырман ” бенефисі өтті!Оқырмандарды кітапқа деген сүйіспеншілігі мен ынтасы үшін марапаттаған ерекше шара ұйымдастырылды. Әдебиетке құштар, білімге ұмтылған оқушылардың еңбегі бағаланып, “Үздік оқырман” - бір жылда 18 кітап-журналдар оқып үлгерген  6 «В» сынып оқушысы - Тұрлықожа Аңсар марапатталды. Үздік оқырманды құрметтеу, кітап оқудың маңызын насихаттау, жас буынды шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылған бұл  шарадан ерекше әсер алған оқырмандарымыз өз
“ Бір отбасы – бір кітап”  отбасылық сайысы
02
желтоқсан
2025
“ Бір отбасы – бір кітап” отбасылық сайысы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы арасындағы байланыс пен шығармашылықты күшейту мақсатында ұйымдастырылған кітап әлеміне саяхат жасап, отбасылық оқудың мәнін ашатын ерекше шара – “ Бір отбасы – бір кітап” атты 5 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен кейіпкерлер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда әр отбасы белгілі бір кітапты таңдап, сол кітаптағы кейіпкерлерді сомдап, шығармадан көрініс көрсетті. Бұл — отбасының бірлігі, кітаптың
«Ұлт руханиятының алып тұлғасы — Міржақып Дулатұлы»
24
қараша
2025
«Ұлт руханиятының алып тұлғасы — Міржақып Дулатұлы»
М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқушыларда ұлттық сана мен азаматтық сезімді қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында Алаштың көрнекті қайраткері, ақын-жазушы,публицист М.Дулатұлы-140жыл толуына байланысты «Ұлт руханиятының алып тұлғасы — Міржақып Дулатұлы» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында танымдық сағат ұйымдастырылды.  Танымдық сағат барысында оқушылар ақын, ағартушы Міржақып Дулатұлының өмірбаянымен танысты, «Оян, қазақ!» шығармасы
«Табиғатты сөйлеткен кітаптар» көрме , «Табиғат және кітап- рухани байлығымыз» пікіралмасу
10
қараша
2025
«Табиғатты сөйлеткен кітаптар» көрме , «Табиғат және кітап- рухани
Оқушылардың табиғатқа және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениет пен оқырмандық мәдениетті тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасында  8-сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатты сөйлеткен кітаптар» атты көрме мен «Табиғат және кітап- рухани байлығымыз» тақырыбында пікіралмасу өткізілді. Табиғат – біздің тіршілігіміздің тірегі, ал кітап – білім мен парасаттың кілті. Шарада М.Әуезовтың «Абай жолы», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Ш.Мұртазаның «Соғыстың соңғы
Кітапханаға кітап сыйла»   қайырымдылық акциясы
23
қазан
2025
Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы
Кітапханашылар күні қарсаңында «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – кітапхана қорын толықтыру, оқырмандарға сапалы әдебиеттер ұсыну және кітап оқуға қызығушылықты арттыру болып табылады. Іс-шара барысында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен ғылыми кітаптарды сыйға тартты. Акция нәтижесінде кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылып, оқу мәдениетін дамытуға үлес қосты
«Қыран елім – Қазақстан» библиографиялық шолу
22
қазан
2025
«Қыран елім – Қазақстан» библиографиялық шолу
Әдебиет — елдің жаны. Әрбір кітап — болашаққа жол сілтер шырақ.Туған жерін сүйген, Отанын ардақтаған қаламгерлердің сөзі — мәңгі өшпес мұра.   Республика күні мерекесіне орай мектеп кітапханасында «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында еліміздің ақын-жазушыларының кітаптарына библиографиялық  шолу сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің Отан, Тәуелсіздік, ел мен жер тақырыбындағы шығармаларын таныстыру,оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аудандық сайыс
17
қазан
2025
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аудандық сайыс
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған  аудандық «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен Абай оқулары сайысында мектебіміздің атынан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болған химия пәні мұғалімі Момбаева Дана Бейбітқызына зор алғысымызды білдіреміз. Ол ұлы Абайдың асқақ сөздерін тек оқып қана қоймай, әнмен өрнектеп, тыңдармандар жүрегіне жол тапты.Дана Бейбітқызының ән орындауы — Абайдың рухани әлемін, терең мағынасын ерекше
"Сыр сұхбат" жергілікті ақын-жазушылармен кездесу
25
қыркүйек
2025
"Сыр сұхбат" жергілікті ақын-жазушылармен кездесу
Жас ақын, сазгер, журналист Дастан Құйқастың  поэзия әлеміне терең бойлаЙ отырып, жас ұрпақты көркем сөз құдіреті арқылы тәрбиелеу, ұлттық әдебиетті дәріптеу және шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.Кеш барысында ақын өз шығармаларын оқып, олардың шығу тарихымен бөлісіп, шығармашылық жолы мен әдеби көзқарастары жөнінде сыр шертті.  Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» кітап көрмесі
11
қыркүйек
2025
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» кітап көрмесі
«Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламалары аясында  «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбында Ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру;Абайдың қара сөздері мен поэзиясы арқылы ұлттық рухты, адамгершілік пен білімге құштарлықты дәріптеу;Оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақынның 180 жылдығы төңірегінде ұйымдастырылған көрме оқушылар мен ұстаздардың тарапынан жылы пікірлер