Білім күні » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2026

Білім күні

«Білімім – болашағым!» – Білім күні

        1 қыркүйек – Білім күніне орай №210 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және білім алушылар қатысты. Іс-шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлініп, оларға ақжолтай тілектер айтылды. Жиын барысында оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызы, үздіксіз іздену, еңбекқорлық, жауапкершілік пен табандылықтың жетістікке жетудегі рөлі туралы түсіндірме берілді. Жаңа оқу жылында сапалы білім алуға, өз қабілеттерін дамытуға, мектеп өміріне белсенді араласуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берілді. Салтанатты жиын барысында елжандылық, білімге құштарлық, ұстазды құрметтеу және туған елге адал қызмет ету құндылықтары дәріптелді. Оқушыларға білім мен еңбекті ұштастыра отырып, ел болашағына өз үлестерін қосуға шақырған мазмұнды тілектер айтылды. https://www.instagram.com/reel/DcvknAluaNv/?stkn=MWpiYnlvc2V5eTkx