«Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылуы
«Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылуы
2026 жылғы 20 қазанда №210 мектеп-лицейінде полиция бағытындағы «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Тоқтарұлы Қабдулдинов, Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, Алатау ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы, мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Салтанатты рәсім барысында жас сақшылар ант қабылдап, құттықтау сөздер айтылды. Алматы қаласы Полиция департаментінің оркестрі, «Алты алаш» тобы, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері өнер көрсетіп, оқушылардың шығармашылық нөмірлері ұсынылды. «Жас сақшы» сыныбының ашылуы оқушылардың құқық қорғау қызметіне қызығушылығын арттыруға, құқықтық сауаттылығын жетілдіруге, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге және қоғамдық қауіпсіздіктің маңызын түсіндіруге бағытталды. Бұл іс-шара мектептегі патриоттық және құқықтық тәрбие жұмысын жаңа деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды бастама ретінде бағаланады.