Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс
15
қазан
2026

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс

Қазан айында 10–11-сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық дәріс өткізілді. Іс-шараға Алатау ауданы ювеналдық полициясының басшысы, капитан Нұрбек Айза және мектеп инспекторы Эльмира Шайқыслам қатысты. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Бұл жұмыс жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, тәртіптілік пен саналы мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.