Оқушыларға төтенше жағдайлар бойынша дәріс
2026 жылдың 20 қаңтар куні оқушыларға арналған төтенше жағдайлар бойынша дәріс өткізілді. Дәрісті Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Нүсіпбаев Бекзат Сатыбалдыұлы,Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Төлеу Еркебұлан Қуанышұлы, Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қараул бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Алпысбай Олжас Айдарұлы, Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы №14 өрт сөндіру бөлімінің қараул бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдугаффаров Бауыржан Абдуллаұлы өткізді.
Дәріс барысында төтенше жағдайлардың негізгі түрлері, олардың алдын алу шаралары, төтенше жағдай туындаған кездегі оқушылардың іс-әрекет тәртібі, эвакуациялау ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары және азаматтық қорғаныс талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Өрт қауіпсіздігінің қағидалары, 10 жер сілкінісі кезіндегі қарапайым қадам тақырыптарында жадынама парақшаларын таратты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау дағдыларын жетілдіру және жауапкершілігін арттыру.Дәріске мектеп оқушылары қатысты. Дәріс бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.
