Инспектормен кездесу » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Инспектормен кездесу
03
қыркүйек
2026

Инспектормен кездесу

2026 жылғы 3 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы Ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты Шайкыслам Э.С. №210 мектеп-лицейінің 10–11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.         Сонымен қатар жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан тиісті түсіндірмелер алды. Іс-шараның қорытындысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттігі ескертілді.

https://www.instagram.com/p/Dc2ysXhFynJ/?stkn=MXcwdHMwNjgzMHB4bA==