“Самал су” зауытына экскурсия
10.11.2025 жыл 6-сынып оқушыларымен бірге “Самал су” зауытына экскурсияға барды. Оқушыларды мектептен арнайы көлікпен алып кетті, жол шамамен 30 минутқа созылды. Зауытқа келген соң, қызметкерлер жылы қарсы алып, зауыттың тарихы мен жұмыс барысымен таныстырды. Оқушылар бөтелкенің қалай жасалатынын, судың қайдан алынатынын және қалай тазаланатынын өз көздерімен көрді. Тіпті суды тазарту зертханасында классикалық музыка ойнап тұрды — мамандардың айтуынша, ол суға жағымды энергия береді екен.