21
қаңтар
2026
Кәсіп таңдауда — маңызды қадам!
🎓 Кәсіп таңдауда — маңызды қадам!Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу өтті.
Кездесу барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдері келіп, академияның оқу бағыттары мен артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берді.
Аталған академия — азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.
Оқушылар болашақ мамандық, оқу шарттары, қабылдау талаптары мен офицерлік қызметтің ерекшеліктері жөнінде нақты мәлімет алды.
👨🚒👩🚒 Ел қауіпсіздігіне қызмет етуді мақсат еткен, жауапкершілігі жоғары, батыл әрі табанды жастар үшін бұл — үлкен мүмкіндік.
✨ Осындай пайдалы кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.
#Профориентация
#АзаматтықҚорғауАкадемиясы
#МәлікҒабдуллин
#БолашақМамандық
#9сынып #10сынып #11сынып
#МектепӨмірі

