Кәсіпкерлік негіздері » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіпкерлік негіздері
05
наурыз
2024

Кәсіпкерлік негіздері

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «... біз, кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн. Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық беріледі. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек» деп, мамандық таңдау, кәсіпке баулуды ерте жастан ойластыру керектігіне назар аудартқан.
Мектеп пен жоғары және арнаулы оқу орындары арасындағы сабақтастықты дамыту - нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіздігіміздегі білім мекемелерінің алдына оқушылар мен студенттерге берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру мен жақсарту міндеттерін қойып отыр. Білім беру бағдарламаларының жаңаруын, оқу жүйелерінің жаңа форматқа көшуін сараптай келіп, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда мектеп пен жоғары және арнаулы оқу орындары арасындағы сабақтастықты орнату бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осы бағытта 2023-2024 оқу жылында мектебіміз 12 арнаулы және жоғары оқу орындарымен «Ынтымақстастық Меморандумына» отырып, серіктестік орнатқан.
28.02.2024 күні біздің мектеп-лицейде "Мамандық таңдау-маңызды қадам" атты қалалық ашық есік күні өтті. Іс-шара оқушылардың мамандық таңдаудағы түсініктерін кеңейтіп, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, мамандық құндылығы туралы мамандармен кеңесіп, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге бағыттау деген мақсатта ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C4E5qhsIN2i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​