Мектеп президенті мен парламентінің сайлауы » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп президенті мен парламентінің сайлауы
28
қыркүйек
2026

Мектеп президенті мен парламентінің сайлауы

Мектеп президенті мен парламентінің сайлауы»

№210 мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында мектеп президенті мен парламентінің сайлауы ұйымдастырылып, өткізілді. Сайлау үдерісіне жоғары сынып оқушылары арасынан ұсынылған үміткерлер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен мектепті дамытуға бағытталған ұсыныстарын таныстырды. Оқушылар өз таңдауларын еркін білдіріп, дауыс беру тәртібіне сәйкес сайлауға белсенді қатысты. Сайлау барысында оқушыларға демократиялық мәдениет, жауапкершілік, көшбасшылық, әділдік, өзара құрмет және мектеп өміріне белсенді араласу құндылықтары түсіндірілді. Өткізілген сайлау оқушылардың мектеп өміріндегі қоғамдық белсенділігін арттырып, өз пікірін білдіруіне және шешім қабылдау үдерісіне қатысуына мүмкіндік берді. Аталған іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларды елжандылыққа, жауапкершілікке, адалдыққа және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталды.

https://www.instagram.com/reel/Dd6FAAdob9d/?stkn=MWR2MmdzYTc0bHFhNg==