БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ - «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ - «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің
27
тамыз
2025

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ - «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің көмегімен Алматыда 1,5 мыңға жуық тәуекелді төлемді анықталды


«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі Алматы қаласындағы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырған мыңнан астам тәуекелді төлемді анықтады. Бұл туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте айтылды.

Аталған іс-шараны Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырды. Кеңейтілген кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы, Алматы қаласы прокуратурасының жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының орынбасарлары, мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің директорлары және бас бухгалтерлері қатысты. Бұл бюджетті орындау тиімділігі мен қаржылық тәртіпті сақтау мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ақпаратына сүйенсек, білім беру саласында жалпы сомасы 660,1 млн теңге болатын 998 тәуекелді төлем анықталды. Бақылау іс-шаралары нәтижесінде 76,4 млн теңге (тексерілген көлемі - 11,6%) бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды. Қазір бұл қаражатты мемлекеттік бюджетке қайтару шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 16,8 млн теңгені мемлекеттік ұйымдар өз еркімен қайтарды.

Мысалы, жіберілген хабарламалар арқылы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясы 17,5 млн теңгені бюджетке толық қайтарды. Ал №69 мектеп жүргізілген тексерулер нәтижесінде 35,1 млн теңге сомасындағы кемшіліктер бойынша қаражаттың қайтарылғанын растайтын түбіртектерді ұсынды. Алайда ұсынылған құжаттардың шынайылығы күмән туғызғандықтан, тиісті материалдар толықтай Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне құқықтық баға беру мен әрмен қарай тексеру үшін жолданды.

Өткізілген мониторинг нәтижелеріне байланысты қабылданған директивалық шаралар аясында Алматы қаласының Білім басқармасы келесі шешімді қабылданды:

* Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның директоры мен бас бухгалтерін қызметтен босату;

* №69 жалпы білім беретін мектеп директорына қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны және бұзушылықтарға жол бергені үшін қатаң сөгіс берілді.

Мәдениет саласында тәуекел мәртебесі бар 135 шот бойынша жалпы сомасы 113,3 млн теңге болатын 5 хабарлама жолданды. Талдау нәтижесінде 2,2 млн теңге (1,94%) бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны әшкереленді. Аталған қаражат толықтай бюджетке қайтарылды.

Денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 88,7 млн теңгені құрайтын 87 тәуекелді шот тіркелді. Жауапты құрылымдарға 4 хабарлама жолданды. Ұсынылған құжаттар негізінде барлық операцияның заңдылығы дәлелденіп, шоттар тәуекел санатынан шығарылды.

Спорт саласы бойынша жалпы сомасы 75,9 млн теңгеге 75 шот тәуекелді ретінде белгіленді. Тексеру барысында 2 хабарлама жолданды. Құжаттар негізінде операциялардың заңдылығы расталып, шоттар тәуекел тізімінен алынып тасталды.

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивті бақылауды күшейту, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мен ішкі қаржылық бақылаудың тиімді тетіктерін дамыту бағытында жүйелі әрі дәйекті жұмысты жалғастыратын болады.