1 сыныпқа қабылдау » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа қабылдау
09
маусым
2026

1 сыныпқа қабылдау

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау «OQU» Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты №210 мектеп-лицейі ата-аналарға аталған платформада жұмыс істеу, өтініш беру және құжаттарды жүктеу бойынша нұсқаулық-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Егер сізде:
• платформаға тіркелу;
• жеке кабинет ашу;
• өтініш толтыру;• қажетті құжаттарды жүктеу;
• өтініштің орындалу мәртебесін бақылау мәселелері бойынша сұрақтар туындаса,

№210 мектеп-лицейінің әкімшілігі мен жауапты мамандары сіздерге қажетті көмек көрсетеді.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды уақытылы тапсырып, қажетті жағдайда мектеп мамандарының көмегіне жүгінулеріңізді сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін №210 мектеп-лицейінің қабылдау комиссиясына хабарласуға болады.

Ізгі ниетпен,
№210 мектеп-лицейінің әкімшілігі