“Самал су” зауытына экскурсия
10.11.2025 жыл 6-сынып оқушыларымен бірге “Самал су” зауытына экскурсияға барды.
Оқушыларды мектептен арнайы көлікпен алып кетті, жол шамамен 30 минутқа созылды. Зауытқа келген соң, қызметкерлер жылы қарсы алып, зауыттың тарихы мен жұмыс барысымен таныстырды.
Оқушылар бөтелкенің қалай жасалатынын, судың қайдан алынатынын және қалай тазаланатынын өз көздерімен көрді.
Тіпті суды тазарту зертханасында классикалық музыка ойнап тұрды — мамандардың айтуынша, ол суға жағымды энергия береді екен.
Сондай-ақ қойма мен өндіріс орнын аралап, соңында конференц-залда “Самал су” туралы бейнежазба тамашалады.
Экскурсия соңында зауыт бізге өздерінің таза әрі табиғи суларын сыйға тартты.
Бұл саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырды! Әрбір тамшы судың артында үлкен еңбек пен жауапкершілік тұрғанын түсінді.
Экскурсия жетекшісі: Кәсіптік бағдар беру педагогы Жумабекова Аида.
