«SDU» университетіне оқу-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылған танымдық Campus Tour іс-шарасы » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «SDU» университетіне оқу-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылған танымдық Campus Tour іс-шарасы
19
қараша
2025

«SDU» университетіне оқу-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылған танымдық Campus Tour іс-шарасы

11 «Б» сыныбының оқушылары 19.11.2025 ж «SDU» университетіне оқу-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылған танымдық Campus Tour іс-шарасына қатысты.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды заманауи жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен таныстыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ету.

Сапар барысында оқушылар университеттің оқу ғимараттарын аралап, заманауи жабдықталған дәрісханалармен, зертханалармен, IT және инженерлік бағытқа арналған тәжірибелік бөлмелермен, сондай-ақ кең көлемді кітапхана қорымен танысты. Сонымен қатар оқушыларға университеттің миссиясы, білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктері және студенттік өмірдің ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара оқушылардың жоғары оқу орнындағы академиялық орта жайлы түсінігін кеңейтіп, олардың оқу мотивациясын арттыруға әсер етті. Бұл сапар кәсіби бағдар берудің бір бөлігі ретінде оқушылардың болашақ мамандықты таңдауда жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, жаңа мүмкіндіктерді түсінуге және білімге деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.