Кәсіби бағдар бойынша "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" саяхат
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша:
«Еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өз ісінің шебері – ұлттың сапасын арттырады». Осыған орай биылғы жыл "2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланған болатын. 19-қыркүйек №210 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары қаламызда орналасқан "Алматы техникалық колледжі" мен "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" барып, кәсіби білім беру бағыттарымен танысты.
Оқушылар түрлі жұмысшы мамандықтарының маңызын көріп, шеберханалар мен зертханаларды аралады. Әр мамандықтың артында жауапкершілік пен нақты шеберлік жатқанын түсінді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жетекшілік еткен — Жумабекова Аида Еркінқызы.
Біз бұл сапар арқылы оқушыларға адал еңбек пен дұрыс мамандық таңдаудың құндылығын жеткізуді мақсат еттік.

