«Менің типім қандай?» » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің типім қандай?»
22
қыркүйек
2025

«Менің типім қандай?»

22.09.2025 жыл «Кәсіптік білім беру бағдарламасы» бойынша 11 «б» сыныбымен «Менің типім қандай?» тақырыбында 25 сұрақтан тұратын тест алынды. Тест болашақ мектеп бітіруші түлектердің мінез-құлқы мен қабылдау ерекшеліктерін, тұлғалық сипаттарын анықтайтын  MBTI форматында болды. MBTI деген не? MBTI (Myers-Briggs Type Indicator) — адамның мінез-құлқын, ойлау, сезіну және шешім қабылдау ерекшелігін сипаттайтын тұлғалық типтер жүйесі. Оны алғаш жасаған — Изабел Бриггс Майерс пен оның анасы Кэтрин Бриггс.

Бұл жүйе бойынша әр адам – 16 түрлі тұлға типінің біріне жатады.

Тестке 20 оқушы қатысты. Оның ішінде 4 оқушы ENTP – “Идея генераторы”, 7 оқушы . INTJ – “Жоспарлаушы ми”, 2 оқушы ESTP – “Іс-қимыл адамы”, 1 оқушы ISFP – “Жайлы көркем жан”, 6 оқушы ESFJ – “Қамқор ұйымдастырушы” екені анықталды. Әр оқушының типіне сай оларға жеклей анықтама беріліп, болашақта өздерін қандай салада мықты екенін көрсете алатыны айтылды.