03
қараша
2025
«AI-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол»
03.11.2025ж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласындағы мектептердің кәсіби бағдар беру мамандарына арналған «AI-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол» тақырыбында семинарда №126 Мамандандырылған лицейдің Кәсіби бағдар берушісі Тілеухан Ұлжан қатысты.
Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Әл-Фараби кітапханасы) базасында керемет жылы атмосферада өтілді.
Семинардың спикерлері:
- Омарбек Көшкімбайұлы — SDU PhD докторанты, 15 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог, мотиватор, коуч;
- Айдос Жұманазар — 16 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог, Eduser және Ustaz Media платформаларының негізін қалаушысы