10
қараша
2025
«Табиғатты сөйлеткен кітаптар» көрме , «Табиғат және кітап- рухани байлығымыз» пікіралмасу
Оқушылардың табиғатқа және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениет пен оқырмандық мәдениетті тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасында 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатты сөйлеткен кітаптар» атты көрме мен «Табиғат және кітап- рухани байлығымыз» тақырыбында пікіралмасу өткізілді. Табиғат – біздің тіршілігіміздің тірегі, ал кітап – білім мен парасаттың кілті. Шарада М.Әуезовтың «Абай жолы», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Ш.Мұртазаның «Соғыстың соңғы жесірі»,Ә.Кекілбаевтың «Ханша Дария хикаясы»,Е.Тұрсыновтың «Мәмлүк» шығармалары көрмеге қойылып,табиғат бейнесі суреттелген тұстарынан үзінділер оқылып,оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды, аталмыш ақын-жазушылардың шығармаларындағы табиғат суреттерін талдап, олардың поэтикалық тіліндегі ерекшеліктерге тоқталды.Қатысушылар табиғат пен кітаптың өзара байланысын, яғни табиғаттың әдебиет арқылы адам жүрегіне жол табатынын атап өтті.Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты тану мен қорғауға деген көзқарасын қалыптастырды. Табиғаттың кітаптағы көркем бейнесі арқылы экологиялық және рухани құндылықтардың маңызы ашылды., әдебиеттегі табиғат бейнесінің терең мағынасын түсінді. # Балалар кітапханасы# Адал азамат#Оқуға құштар мектеп Пікіралмасу