02
желтоқсан
2025
“ Бір отбасы – бір кітап” отбасылық сайысы

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы арасындағы байланыс пен шығармашылықты күшейту мақсатында ұйымдастырылған кітап әлеміне саяхат жасап, отбасылық оқудың мәнін ашатын ерекше шара – “ Бір отбасы – бір кітап” атты 5 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен кейіпкерлер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда әр отбасы белгілі бір кітапты таңдап, сол кітаптағы кейіпкерлерді сомдап, шығармадан көрініс көрсетті. Бұл — отбасының бірлігі, кітаптың құдіреті, шығармашылықтың шуағы тоғысқан- тек кітап оқу емес, отбасылық бірлік, өнер, рухани байлық мерекесі болды.Қ.Қайсенов – «Жау тылындағы бала»,Б.Соқпақбаев – «Балалық шаққа саяхат»,О.Бөкей – «Тортай мінген ақ боз ат»,М.Әуезов – «Көксерек»,Ш.Мұртаза – «Интернат наны»,С.Мұратбеков – «Жусан иісі»,Ағайынды Гриммдер – «Ертегілер жинағы» Бас жүлде Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасын шынайы сомдаған Тохонай отбасына берілді. Олар батылдық пен ержүректілікті керемет бейнелеп, көрермендердің жүрегін жаулады. #БірОтбасыБірКітап #КітапСүйгішОтбасы #ӘдебиетСиқыры #БалаларМенАтаАна #ҮздікКейіпкер#Балаларкітапханасы