18
желтоқсан
2025
“ Үздік оқырман ” бенефисі
Мектеп кітапханасында “ Үздік оқырман ” бенефисі өтті!Оқырмандарды кітапқа деген сүйіспеншілігі мен ынтасы үшін марапаттаған ерекше шара ұйымдастырылды. Әдебиетке құштар, білімге ұмтылған оқушылардың еңбегі бағаланып, “Үздік оқырман” - бір жылда 18 кітап-журналдар оқып үлгерген 6 «В» сынып оқушысы - Тұрлықожа Аңсар марапатталды. Үздік оқырманды құрметтеу, кітап оқудың маңызын насихаттау, жас буынды шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарадан ерекше әсер алған оқырмандарымыз өз ойларымен бөлісті, ал біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз! Оқушыларымыздың белсенділігіне, кітаппен дос болуға деген талпынысына ризашылығымызды білдіреміз.Кітап — білімнің қайнар көзі, ал үздік оқырман — оның ең адал досы!Оқу — үлкен күш. Оқитын ұрпақ — ойлайтын ұрпақ!Кітап – адамзаттың асыл қазынасы.Ал сол қазынаны тереңнен іздеп, үнемі оқыған оқырман – шынайы бай жан! #ҮздікОқырман #Адал Азамат #Балалар кітапханасы#Оқырман бенефисі