«Қыран елім – Қазақстан» библиографиялық шолу » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыран елім – Қазақстан» библиографиялық шолу
22
қазан
2025

«Қыран елім – Қазақстан» библиографиялық шолу

Әдебиет — елдің жаны. Әрбір кітап — болашаққа жол сілтер шырақ.Туған жерін сүйген, Отанын ардақтаған қаламгерлердің сөзі — мәңгі өшпес мұра.
  Республика күні мерекесіне орай мектеп кітапханасында «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында еліміздің ақын-жазушыларының кітаптарына библиографиялық  шолу сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің Отан, Тәуелсіздік, ел мен жер тақырыбындағы шығармаларын таныстыру,оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,поэзия мен прозаны насихаттау арқылы оқуға қызығушылықты дамыту.                                  
Кеш барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларына шолу жасалды. Атап айтқанда, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза Әли, Сәбит Мұқанов, Бауыржан Момышұлы сынды тұлғалардың Отан, туған жер, елдік рух тақырыптарындағы туындылары оқушылар назарына ұсынылды.