17
қазан
2025
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аудандық сайыс
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған аудандық «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен Абай оқулары сайысында мектебіміздің атынан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болған химия пәні мұғалімі Момбаева Дана Бейбітқызына зор алғысымызды білдіреміз. Ол ұлы Абайдың асқақ сөздерін тек оқып қана қоймай, әнмен өрнектеп, тыңдармандар жүрегіне жол тапты.Дана Бейбітқызының ән орындауы — Абайдың рухани әлемін, терең мағынасын ерекше әсерлі жеткізіп, сайысқа ерекше сән берді. Бұл жеңіс — ұстаздық пен өнердің ұштасуы, білім мен мәдениеттің асқақ көрінісі.Оған алдағы шығармашылық табыстар мен шабыт тілейміз! Мектебіміздің мерейін көтерген әріптесімізбен мақтанамыз!