24
қараша
2025
«Ұлт руханиятының алып тұлғасы — Міржақып Дулатұлы»
М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқушыларда ұлттық сана мен азаматтық сезімді қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында Алаштың көрнекті қайраткері, ақын-жазушы,публицист М.Дулатұлы-140жыл толуына байланысты «Ұлт руханиятының алып тұлғасы — Міржақып Дулатұлы» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында танымдық сағат ұйымдастырылды. Танымдық сағат барысында оқушылар ақын, ағартушы Міржақып Дулатұлының өмірбаянымен танысты, «Оян, қазақ!» шығармасы арқылы білімге, еңбекке, елін сүюге шақырған үнін түсінді. Шарада мәтіндер мәнерлеп оқылып, топтық тапсырмалар орындалды, кітап көрмесі таныстырылды. Қорытынды бөлімде оқушылар шығармашылық ойларын білдіріп, М.Дулатұлының ұлттық әдебиет пен руханияттағы орнына баға берді. # Оқуға құштар мектеп#Балалар кітапханасы#Адал азамат