11
қыркүйек
2025
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» кітап көрмесі
«Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламалары аясында «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбында Ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру;Абайдың қара сөздері мен поэзиясы арқылы ұлттық рухты, адамгершілік пен білімге құштарлықты дәріптеу;Оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақынның 180 жылдығы төңірегінде ұйымдастырылған көрме оқушылар мен ұстаздардың тарапынан жылы пікірлер айтылып, үлкен қызығушылықпен қабылданды. Көрмеде төмендегі материалдар қойылды:
• Абай Құнанбайұлының шығармалары: өлеңдер жинағы, қара сөздері;• Абай туралы жазылған зерттеу еңбектер, ғылыми мақалалар, эсселер;• Ақынның өмірінен фотосуреттер мен иллюстрациялар;