20
қаңтар
2026
Оқушылар Ұлттық ұлан батырымен кездесті
Алматы қаласының Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейінде Ұлттық ұлан батырларына арналған «Ерлік сабағы» өтті.
Іс-шараға ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, Ұлттық ұлан батыры майор Жандос Баянбаев арнайы шақырылды. Кездесу барысында алдымен оқушыларға майор Жандос Баянбаевтың ерлігі туралы түсірілген деректі фильм көрсетіліп, батырдың өмір жолы мен қызметтегі ерлігі таныстырылды. Бұдан кейін ол оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, әскери қызмет барысындағы бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті, сондай-ақ оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. «Ерлік сабағына» алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан өтіп жатқан жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мектептегі «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері қатысты. Сабақ Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбында» ашық сабақ форматында ұйымдастырылды. Іс-шараны мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы полковник Ниязтай Әлкешев өткізді. Кездесу соңында №210 мектеп-лицейдің директоры Гүлнара Ахметова құрметті қонақ Жандос Баянбаевқа алғыс хат тапсырып, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге қосып жүрген үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының отансүйгіштік тәрбиесіне атсалысып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне алғыс айтты.