«Lesson Study – білім сапасын арттырудың тиімді құралы: Мәселеден нәтижеге дейін» тәжірибе алаңы » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Lesson Study – білім сапасын арттырудың тиімді құралы: Мәселеден нәтижеге дейін» тәжірибе алаңы
19
қаңтар
2026

«Lesson Study – білім сапасын арттырудың тиімді құралы: Мәселеден нәтижеге дейін» тәжірибе алаңы

«Lesson Study – білім сапасын арттырудың тиімді құралы: Мәселеден нәтижеге дейін» тақырыбында тәжірибе алаңы өтті. 

1-тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы төмен сыныптарда жүргізілген Lesson Study (Сабақты зерттеу) үдерісінің нәтижелері мұғалімдер үшін үлкен кәсіби мектеп болды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың оқудағы кедергілерін анықтауға және оқытудың тиімді стратегияларын енгізуге бағытталған зерттеу әрекетінің нәтижесін талдау, тәжірибе бөлісу.

Зерттеу топтары тек сабақ беріп қана қоймай, «Оқушы қалай оқиды?» деген басты сұраққа жауап іздеген. Lesson Study циклі көрсеткендей, білім сапасының төмендігі – бұл үкім емес, бұл оқыту әдістемесін қайта қарауды қажет ететін индикатор. Шара барысында топтар бірлесе отырып, оқушының қажеттілігіне бейімделген қысқа мерзімді жоспарлар жасап шықты. Біз байқаған басты нәтиже – оқушылардың өзара әрекеттесуі мен сабаққа деген қызығушылығының артуы. Ендігі міндет – осы тәжірибені жүйелі түрде жалғастыру. Мұғалімдердің бірлескен зерттеуі – оқушы жетістігінің кепілі.