Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу
10
қараша
2025

Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу

2025 жылдың 10-қазан күні жалпы орта білім беретін кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылық және репродуктивті денсаулықтарын сақтау мақсатында "Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу" тақырыбында 7-11 сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Жыныстық қабілеттің жетілдіру жолдары, жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең екендігі, балаларға қатысты жасалынатын түрлі сипаттағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық әрекеттердің түрлері мен ондай жағдайдан шығу жолдары кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен 25 қалалық емхананың эпидемолог дәрігері Ақмолдина Жанерке Мақсатқызы, жоғары сынып білімалушылары қатысты. Жиналыста 25 қалалық емхана гинеколог дәрігері Ахметова Марал, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сармакова, психолог Г. Амангелдіқызы, Г.Сапарғалиқызы, медбике А.Шурегеева, М.Омарова тарапынан кеңінен ақпараттар берілді. Мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.