Түсіндірме жұмыстар » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түсіндірме жұмыстар
08
қыркүйек
2023

Түсіндірме жұмыстар

Алатау аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі участкелік аға инспекторы, полиция майоры Алиева Ақерке Оразхановна және №210 мектеп лицей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашимбаева Салтанат Сыдыкжанқызымен бірлесіп 7-10 сынып аралығында оқушыларға бұзақылық үшін жауапкершілік туралы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстар өткізілді. Қоғамда белең алып тұрған зорлық-зомбылық және тәртіпке бағынбау, бұзақылық қылмыстардың алдын алу үшін ұйымдастырылған бұл шара, апта соңына дейін өз нәтижесін көрсетті. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы, мектеп формасын сақтауы және сабаққа кешікпей келуі жүйеленді. Алдағы уақытта тағы да осындай маңызы жоғары түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.