14
қазан
2025
«Мен – өз елімнің патриотымын!»
№210 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Шараға Дархан ықшам ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы Ақманов Қанат, Хасен Самағұлұлы, Зәбира Әділбекова және ардагер ұстаз, профессор Сағынбек Әшірбекұлы Әшірбеков арнайы шақырылды.
🔹 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікке баулу.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерінен мысал келтіре отырып, жастарды туған жерді сүюге, ел болашағына бей-жай қарамауға, білім мен еңбекке ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар, оқушылармен ашық пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Шара оқушыларға рухани серпін беріп, елжандылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.