11
қыркүйек
2023
Жалпықалалық сейсмикалық оқу жаттығу жиыны
2023 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 10:00 де мектебімізде Республикалық оқу-жаттығу шеңберінде Алматы қаласында жалпықалалық сейсмикалық оқу жаттығу жиыны өткізілді. Оқу жаттығу жиынына жалпы мектеп толықтай қатысты. Жиын барысында зардап шеккен ешкім жоқ. Жаттығу барысында алғашқы көмек көрсету іс шаралары көрсетілді. Оқу жаттығудың мақсаты оқушыларды төтенше жағдай кезіндегі дұрыс іс-әрекетке бейімдеу.

