«Тіл достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара
05
қыркүйек
2023

«Тіл достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Бүгін, яғни 5 қыркүйек № 210 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне орай «Тіл достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған мерекелік шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған мерекелік іс-шараға мектебіміздің барша ұстаздары белсене ат салысып,
мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашты.