Білімім — Отаныма
Өнердің түрлерін айтқан кезде біз қазақ халқының бойына ғасырлар бойы қалыптасып, ұлттық геніне сіңген, ауыздан-ауызға тараған халық ауыз әдебиетінен бастап, қазіргі кезеңге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай келе жатқан сөз өнеріне ерекше ден қойып, мән береміз. Бұл мән берудің астарында үлкен мағына жатыр. Осы уақытқа дейін көптеген сөздер көнеріп, өшіп жатса, кейбір сөздер өзінің көркемдігін жоғалтпай оның үстіне қосымша мән үстеп келе жатқаны көрінеді. Сол сөздердің бірі де, бірегейі, тарихы