"ДемаLike" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ДемаLike" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері
16
мамыр
2024

"ДемаLike" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

2024 жылдың 27 мамыр мен 07 маусым күндері аралығында өтетін 210 мектеп-лицейінің "ДемаLike"  мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзағали Гүлбақыт пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джангурбаева Индира мектебіміздің 1-4 сынып білім алушыларының сынып жетекшілерімен бірге жиналыс өткізді. Лагердің жалпы мақсаты: мектеп жанындағы  лагерьде  оқушылардың  сауықтыру  мен  демалысын  ұйымдастыру.  Оқушыларды  ұжымдылыққа,  коммуникативтік  білікті,  адами –рухани  қасиеттер  мен  құндылықтарды құрметтей білуге, шығармашылық  ойлар  мен түрлі  шараларға  қатысу  арқылы  табиғи  қабілеттерін  ашып,  дүниетанымын  кеңейтуге,  мейірімділік пен  достыққа,  бір-біріне  қолдау  көрсетуге,  түрлі сайыс -жарыстарға  қатысу  арқылы  сынақтардан  сүрінбеуге  үйрету. "ДемаLike"  сауықтыру лагерінің ашылуы және сол лагерде орындалатын іс-шаралардың өткізілуі туралы талқылау және оны ұйымдастыру үшін бастауыштық білім беру сынып жетекшілерінің барлығы толығымен ат салысты.