Білімім — Отаныма
Өнердің түрлерін айтқан кезде біз қазақ халқының бойына ғасырлар бойы қалыптасып, ұлттық геніне сіңген, ауыздан-ауызға тараған халық ауыз әдебиетінен бастап, қазіргі кезеңге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай келе жатқан сөз өнеріне ерекше ден қойып, мән береміз. Бұл мән берудің астарында үлкен мағына жатыр. Осы уақытқа дейін көптеген сөздер көнеріп, өшіп жатса, кейбір сөздер өзінің көркемдігін жоғалтпай оның үстіне қосымша мән үстеп келе жатқаны көрінеді. Сол сөздердің бірі де, бірегейі, тарихы терең, тағылымы мол – «Отан» сөзі.
«Отан» деген ұғымды әр адам әртүрлі түсінеді. Отанғақызмет етуге,Отан алдындағы борышты өтеуге, Отан үшін күресуге, Отандытастауға, Отанғабарып тұруға, оралуға, Отанды еске алуға, сағынуға, аңсауға болады.Сынып сағатының негізгі мақсаты - балаларды әлеуметтік, қоғамдық тәрбиеге баулу, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен отаншыл, мемлекетшіл, туған жерді қастерлейтін, адал, жауапкершілігі мол, мейірімді, бауырмал, сыни ойлайтын, қаржылық сауатты, үнемішіл, еңбекқор, жасампаз тұлға қалыптастыру. 


