Жаңа 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
26
сәуір
2024

Жаңа 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!Жаңа 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Қандай құжаттар қажет?
Төмендегі құжаттарды сканерлеу қажет және түп нұсқасын мектепке өткізу қажет:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; (2 дана)
Баланың 3*4 фотосуреті – (2 дана)
Баланың денсаулық паспорты (063, 026/у-3 формасы);
Ата-анасының жеке куәлік көшірмелері.