Іс-шаралар » Страница 5 » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9  "А"сынып оқушыларымен
02
мамыр
2023
9 "А"сынып оқушыларымен
Қазақстан Республикасының  Қарулы  күштерінің  құрылуы,оның Отанымыздың  бейбітшілігін  сақтаудағы  маңызы жайлы,әскери өнердің  өзіндік ерекшелігі туралы,егемендігімізді  күзетуде  олардың  маңызы жөнінде   терең  мағлұмат бере отырып ,оқушыларды  туған елін, Отанын,тілі мен  мәдениетін  құрметтеп,тарихты терең  бағалау және  патриоттық  сезімге  тәрбиелей келе ,оқушыларға  кітап пен кітапхана  маңызы жөнінде  пікір алмасу   мақсатында   9  "А"сынып оқушыларымен кітапханада  іс-шара 
Әкем ,анам және мен
01
мамыр
2023
Әкем ,анам және мен
Мектебімізде салаутты өмір салтын насихаттау жөнінде және мектеп, ата-ана, бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту мақсатында " Әкем ,анам және мен" тақырыбында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Отбасы сайыста орын алған отбасыларын құттықтаймыз!!!
Жас Ұлан","Жас Қыран
27
сәуір
2023
Жас Ұлан","Жас Қыран
"Жас Ұлан","Жас Қыран" ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен Мектеп Ұланбасыларының арасында "Үздік Ұланбасы" байқауы өтті.Қашықтықтан өткен видеролик байқауына мектебіміздің Ұланбасы Абдижамиева Гүлбану қатысып АЛҒЫС ХАТ пен марапатталды.Құттықтаймыз!  
Бірлігіміз жарасқан елміз!
25
сәуір
2023
Бірлігіміз жарасқан елміз!
Сынып сағаты: 5 Б сыныбы Сынып жетекшісі: Кушегенова Жазира Калибековна Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан елміз! Бағыты: ұлттық тәрбие Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау
Достық-бірлік пен ынтымақ негізі
25
сәуір
2023
Достық-бірлік пен ынтымақ негізі
"Достық-бірлік пен ынтымақ негізі"тақырыбында мектеп кітапханасында   оқушылардың  бірлік,ынтымақтастық  туралы  түсініктерін  кеңейтіп,көп ұлтты халқымыздың  тыныштығы  мен  бірлігін  нығайтуға  ат салысатын  азамат  болуға тәрбиелей отырып,оқушылардың  өз ойларын ортаға салу арқылы  шығармашылық қабілеттерін  дамыту,кітап  оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара  6  сынып оқушыларымен өтті. Оқушылар  үш  топқа  бөлініп  мақал -мәтелдердің  жалғасын
Ұлы жеңіс-жасасын
20
сәуір
2023
Ұлы жеңіс-жасасын
"Ұлы жеңіс-жасасын ! " тақырыбында мектеп кітапханасында 9 мамыр жеңіс күніне орай оқушыларды Ұлы Отан соғысымен,Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып,ой-өрісін дамыта отырып,кітап оқуға қызықтыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.
Ерлік -елге  мұра,ұрпаққа-ұран
17
сәуір
2023
Ерлік -елге мұра,ұрпаққа-ұран
"Ерлік -елге  мұра,ұрпаққа-ұран " тақырыбында  Ел қорғаны болған батырларымыздың  өмірі мен ерліктері  және шығармашылықтарымен  таныстыру,ерлікке,туған жерді  қорғау және сақтау,Отанды  сүйе білуге тәрбиелей отырып,батырлар  туралы жазылған шығармаларға библиографиялық шолу жасау арқылы кітап оқуға қызықтыру мақсатында мектеп кітапханасында ұйымдастырылған  бұл іс -шараға  4 сынып оқушылары  қатысып,көрмеге  қойылған  шығармаларға  қызығушылық таныта білді.
ғарышкерлер күніне орай
11
сәуір
2023
ғарышкерлер күніне орай
12 сәуір  ғарышкерлер күніне орай мектеп кітапханасында 3 сынып оқушыларымен ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып,қазақ ғарышкерлері  жайлы  мағлұматтар беру және  ойын дамыту,ғарышкерлердің  еңбегін,батылдық ісін  еске сақтап,мақтан тұтуға тәрбиелеу және де  алған мәліметтері бойынша  ойларын қағаз бетіне  түсіре білу қабілеттерін дамыту,барынша  кітап оқуға қызықтыру  мақсатында  бейнелеу сағаты өтті.Оқушылар  салған суреттерін  жарыса әңгімелеп бере білді.
Темекі -денсаулықтың жауы
10
сәуір
2023
Темекі -денсаулықтың жауы
Темекі -денсаулықтың жауы" тақырыбында 7 сынып оқушыларына мектеп кітапханасында кітапханашы мен мектеп психологтарының темекі және электронды темекілердің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып,оқушыларды саналылыққа,тазалыққа,білімділікке,салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаты өтті.
Ғабитұлы Азат
04
сәуір
2023
Ғабитұлы Азат
Халықаралық баскетболдан әлемнің үздік 10-қа кірген Алматы құрама командасы трененр 210 мектеп-лицейдің дене шынықтыру мұғалімі Ғабитұлы Азат