Алаштың азалы жылдары » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алаштың азалы жылдары
26
мамыр
2023

Алаштың азалы жылдары

31 мамыр— Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі— жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеліп соқтырған ашаршылық. Бұндай оқиғалар қазақтың жүрегіне жара салып қана қоймай, тарихтың, әдебиеттің, тіпті қазақ зиялыларының атылуына да әсер етті деуге болады.
Осындай қайғылы тарих беттерін еске алу, оқушыларға ата-бабаларымыздың қайғылы сыннан өтуі туралы қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің " Алаштың азалы жылдары" атты іс шара өтті. Шараға белгілі журналист, "Жетісу" телеарнасының директоры — Серік Әбікенұлы мен киноға түскен актер Ерлан Кәрібаев, продюсер мен режисерда қатысып, тың ақпараттармен бөлісті. Оқушылармен сұхбаттасты. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, бүгінде біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық. Тарихты еске алу, келешек ұрпаққа таныту— біздің алдымыздағы үлкен міндет деп білеміз!