Қарттарым - асыл қазыным! » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қазан
2025

Қарттарым - асыл қазыным!

     8 қазан күні Өжет және Дархан ықшам аудандарының зейнеткерлері арасында шахматтан жарыс өтті. Іс-шараға зейнет жасындағы қарттар қатысып, өзара сынға түсті. Бұл жарыстың басты мақсаты – аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау, зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ақыл-ойды дамытатын шахмат ойынына қызығушылықты арттыру болды.Қарттар жарыс барысында ерекше сергектік пен табандылық танытып, өздерінің өмірлік тәжірибесі мен ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Әр ойыншы қарсыласына лайықты деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс үшін бар күш-жігерін салды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға Алатау ауданы әкімінің атынан алғыс хаттартабысталды. Бұл шара зейнеткерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың белсенді өмірлік ұстанымын дәріптеген рухани және спорттық мереке болды.