№210 мектеп-лицейінде «Жас Сарбаз” сыныбы ашылды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласы Алатау ауданындағы Гүлнара Ахметова басшылық ететін №210 мектеп-лицейде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық және Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбының» ашылу салтанаты өтті. Бұл игі шара Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен бірлесе отырып, Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті,