“JAS GALYM SCIENCE QUEST” » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2024

“JAS GALYM SCIENCE QUEST”

Алматы қаласы Білім басқармасының “АЛМАТЫ ДАРЫНЫ” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 1-маусым күні “JAS GALYM SCIENCE QUEST” қалалық балалар фестиваліне #210 мектеп-лицейінен республикалық ғылыми жобалар конкурсы және “ЗЕРДЕ ” республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары: Сағынышқызы Қ, Сепбосынов Д, Асқар А, Тәңірберген М, Сайлаубек Ж, Мұқатай Д, Вайсбекова А, Сағынбай Х. қатысты. Фестиваль барысында балалар топтарға бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Балаларды қолдап, әрі естен кетпес естелік қалдырған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуы болды. Фестиваль қорытындысында балалар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен, медальдармен марапатталды. Балалар ерекше әсер алып, болашақта керек болар тәрбие жинап қайтты.