05
желтоқсан
2023
“Алаш үміті” сыйлығының иегері Сағынышқызы Қарақат
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигелдиева Гүлзат Битөреқызының оқушысы бүгін “Алаш үміті” сыйлығының иегері атанды. Екі жыл қатарынан оқушысын Алаш қайраткерлерінің есімін жаңғырту мақсатында зерттеу жұмыстарын жасап, оқушысын қоғамдық қорға кіргізіп, соның нәтижесінде 10-сынып оқушысы Сағынышқызы Қарақат осындай көрсеткіш көрсетіп отыр. Бұл өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі көрсеткіш, үлгі деп білеміз. Болашақ ұрпақтың білімді, жан-жақты дамуына, білім алуына ұстаздар біздер себепші болатынымыздың дәлелі осындай жаңалықтардан көруімізге болады деп ойлаймыз. Жас ұстаз болса да біраз белесті бағындырып, тек жақсы қырынан танылып, білімділігімен, биязы сыпайылығымен таныла білді. Алдағы уақытта тек шығармашылық табыс, отбасыңа амандық, әдемі ана болып жүре беруіңе шын жүректен тілектеспіз. Осындай білімді, шығармашыл ұстаздардың арқасында мектебіміз тек биіктерден көріне берсін. Жетістігіміз көп болсын!