Ақпарат » Страница 4 » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен – өз елімнің патриотымын!»
14
қазан
2025
«Мен – өз елімнің патриотымын!»
№210 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Шараға Дархан ықшам ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы Ақманов Қанат, Хасен Самағұлұлы, Зәбира Әділбекова және ардагер ұстаз, профессор Сағынбек Әшірбекұлы Әшірбеков арнайы шақырылды. 🔹 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікке
Отбасылық зорлық-зомбылық бойынша дәріс
13
қазан
2025
Отбасылық зорлық-зомбылық бойынша дәріс
Алатау аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әбдімомынов Жанаддин Бейбітұлы №210 мектеп-лицейінің оқушыларына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және мұндай жағдайлардан қорғану жолдары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына
Қарттарым-асыл қазынам!
10
қазан
2025
Қарттарым-асыл қазынам!
№210 мектеп-лицейінде жыл сайынғы дәстүрге сай Қарттар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Дархан ықшамауданының ардагер қарттары арасында шахматтан жарыс өтті. Бұл шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
“Мамандық таңдау және ҰБТ-ға дайындық” тренингі
09
қазан
2025
“Мамандық таңдау және ҰБТ-ға дайындық” тренингі
“Мамандық таңдау және ҰБТ-ға дайындық” тренингі Бүгін, 09.10.2025 жылы, 11 “Б” сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Кездесуді мектеп психологы Бектаева Г.А., Сапарғалиқызы Г. және кәсіптік білім беру педагогы Жумабекова А.Е. жүргізді. Тренинг барысында оқушылар өз қабілеттерін анықтап, болашақ мамандығын саналы түрде таңдаудың маңызын түсінді. Сондай-ақ, ҰБТ-ға тиімді дайындалу жолдары мен эмоционалды тұрақтылықты сақтау әдістері талқыланды. 🌱 Әрбір оқушы өз болашағының авторы!
"Сыр сұхбат" жергілікті ақын-жазушылармен кездесу
25
қыркүйек
2025
"Сыр сұхбат" жергілікті ақын-жазушылармен кездесу
Жас ақын, сазгер, журналист Дастан Құйқастың  поэзия әлеміне терең бойлаЙ отырып, жас ұрпақты көркем сөз құдіреті арқылы тәрбиелеу, ұлттық әдебиетті дәріптеу және шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.Кеш барысында ақын өз шығармаларын оқып, олардың шығу тарихымен бөлісіп, шығармашылық жолы мен әдеби көзқарастары жөнінде сыр шертті.  Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық
«Менің типім қандай?»
22
қыркүйек
2025
«Менің типім қандай?»
22.09.2025 жыл «Кәсіптік білім беру бағдарламасы» бойынша 11 «б» сыныбымен «Менің типім қандай?» тақырыбында 25 сұрақтан тұратын тест алынды. Тест болашақ мектеп бітіруші түлектердің мінез-құлқы мен қабылдау ерекшеліктерін, тұлғалық сипаттарын анықтайтын  MBTI форматында болды. MBTI деген не? MBTI (Myers-Briggs Type Indicator) — адамның мінез-құлқын, ойлау, сезіну және шешім қабылдау ерекшелігін сипаттайтын тұлғалық типтер жүйесі. Оны алғаш жасаған — Изабел Бриггс Майерс пен оның анасы Кэтрин
Кәсіби бағдар бойынша "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" саяхат
19
қыркүйек
2025
Кәсіби бағдар бойынша "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" саяхат
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша: «Еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өз ісінің шебері – ұлттың сапасын арттырады». Осыған орай биылғы жыл "2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланған болатын. 19-қыркүйек №210 мектеп-лицейінің  9-сынып оқушылары қаламызда орналасқан "Алматы техникалық колледжі" мен "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" барып, кәсіби білім беру бағыттарымен танысты. Оқушылар түрлі жұмысшы мамандықтарының маңызын көріп,
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» кітап көрмесі
11
қыркүйек
2025
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» кітап көрмесі
«Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламалары аясында  «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбында Ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру;Абайдың қара сөздері мен поэзиясы арқылы ұлттық рухты, адамгершілік пен білімге құштарлықты дәріптеу;Оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақынның 180 жылдығы төңірегінде ұйымдастырылған көрме оқушылар мен ұстаздардың тарапынан жылы пікірлер
«Кітап – менің досым» кітапханаға саяхат
10
қыркүйек
2025
«Кітап – менің досым» кітапханаға саяхат
Қыркүйек айында 1  сынып оқушыларына арналған «Кітап – менің досым» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларды кітапхана меңгерушісі қарсы алып, кітапхананың құрылымы, бөлімдері және атқаратын қызметі туралы жан-жақты мағлұмат берді.  Оқушыларға кітапхананы пайдалану ережелері түсіндіріліп, кітапты дұрыс таңдау, сақтау және уақытында қайтару тәртібі айтылды. Сонымен қатар, кітапты ұқыпты ұстаудың маңыздылығы, оны жыртпау, беттерін бүктемеу, таза сақтау қажеттілігі