«Кітап оқитын отбасы» отбасылық оқу клубы » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап оқитын отбасы» отбасылық оқу клубы
08
қыркүйек
2025

«Кітап оқитын отбасы» отбасылық оқу клубы

«Кітап оқитын отбасы» отбасылық оқу клубы

1. Жобаның өзектілігі

Қазіргі уақытта оқушылардың кітап оқуға қызығушылығының төмендеуі, бос уақытты тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту қажеттілігі байқалады. Осыған байланысты мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын арттыру, балалардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету мақсатында «Кітап оқитын отбасы» отбасылық оқу клубын құру қажеттілігі туындап отыр.

2. Жобаның мақсаты

Оқушылар мен ата-аналардың бірлескен кітап оқуын ұйымдастыру арқылы отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және тілдік, танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Жобаның міндеттері

  • Оқушылар мен ата-аналарды жүйелі түрде кітап оқуға тарту;

  • Отбасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру;

  • Балалардың ойлау, сөйлеу және талдау дағдыларын дамыту;

  • Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

  • Мектеп кітапханасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.


4. Мақсатты топ

  • 1–11 сынып оқушылары;

  • Оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері);

  • Сынып жетекшілері, кітапханашылар.

5. Жобаны іске асыру мерзімі

2025–2026 оқу жылы (ұзақ мерзімді жоба).

6. Жобаны іске асыру формалары

  • Отбасылық кітап оқу сағаттары;

  • «Бірге оқимыз» атты отбасылық кездесулер;

  • Оқылған кітаптарды талқылау (дөңгелек үстел, пікірталас);

  • Кітап көрмелері мен таныстырылымдар;

  • Отбасылық оқу күнделіктерін жүргізу;

  • «Үздік кітап оқитын отбасы» байқауы.

7. Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артады;

  • Отбасында бірлескен оқу дәстүрі қалыптасады;

  • Балалардың сөздік қоры мен ой-өрісі кеңейеді;

  • Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс нығаяды;

  • Оқу мәдениеті жоғары отбасылар саны артады.

8. Күтілетін әлеуметтік әсер

  • Балалардың рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасады;

  • Бос уақытты тиімді ұйымдастыру дағдылары дамиды;

  • Қоғамда кітап оқу мәдениеті насихатталады.