Ұстаздар күні » №210 мектеп-лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№210 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-30-64
Есепші бөлімі :
+7(727) 351-30-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар күні
05
қазан
2023

Ұстаздар күні

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының басталуымен тұспа-тұс атап өтілетін, ресми түрде 5-қазан Ұстаздар күні мерекесіне орай құттықтау жолдады. Жолдауында: «Биыл алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанға бекітілді. Бұл мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық иелерін біріктіре түсері сөзсіз. Бүгінгі таңда еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды», - деді, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.